Шымкент: Стартап жобалар серпін ала бастады

Шымкент: Стартап жобалар серпін ала бастады

Бүгінде Шымкентте «Төлем», «Алақан» биометриясы, QazTracker , тағы басқа IT жобалары дамытылып, тұрғындар арасында танымал бола бастады. «Shymkent HUB – мүмкіндіктер алаңы» атты форумда жастар, дарынды азаматтар стартап жобаларын таныстырған болатын. Бәрінің де идеясы тартымды, жобаларының әлеуеті зор. Қазіргі уақытта қалада көптеген салаларда IT стартап жобалар жасалып жатыр. Ересектер, студенттер, оқушылар, жалпы IT саласына қызығушылығы бар кез келген тұрғын өз жобасын дамытуға мүмкіндік алған.

Шаһарда цифрландыру саласында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Қаладағы жол қозғалысын басқару жүйесі, автожолдардың сапасын бақылау, жасыл кеңістіктердің сандық есебі, электронды үкімет, мобильді байланысты жақсарту, талшықты оптика желісімен қамту, әлеуметтік салаларды цифрландыру бойынша көптеген жобалар, жаңа жүйелер енгізілді. Қазір барлық салаға ақпараттық жүйені енгізу – басты назарда тұр.

Бәрі де идеядан басталады. IT саласында тыңнан түрен салып, өз жобаларын дамытқысы келетіндер де көп. Қазір бәсекенің заманы. Нарықта бәрі де көшбасшы болып, өз брендін қалыптастыруды қалайды. Қазіргі уақытта Шымкент жастары  креативті ойларын іс жүзінде жүзеге асырып жатыр. Стартап жобаларын танымал компанияға айналдырғандар да жетерлік. Бұл ретте «Төлем», «Алақан» биометриясын атап өтуге болады. Ауыл шаруашылығы саласын оңтайландыру бағытындағы QazTracker жобасы да осы хабтың ғимаратында отырып, өз жобаларының ауқымын кеңейтуде. «Төлем» компаниясы да білім саласында интеграциялық жобасымен көпке танылып үлгерді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы стратегиялық әріптестікті бекітетін және медициналық...