Елімізде 180 қар барысы бар

Елімізде 180 қар барысы бар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру – әлемдік қауымдастық тарапынан био әртүрлілікті сақтаудың ең тиімді кешенді шарасы болып танылды. Тәуелсіздік жылдары Республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту және құру жұмыстары нәтижесінде олардың алаңы 869 мың га-дан 30,9 млн га дейін ұлғайды. Елімізде био әртүрлілікті сақтап қалу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде сирек кездесетін жабайы жануарлар популяциясы айтарлықтай өсті. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ брифингінде осылай деді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ