Былтыр еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға шамамен 2,8 млн адам барған

Былтыр еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға шамамен 2,8 млн адам барған
Биологиялық әртүрлілікті сақтап қалу жөніндегі конвенция аясында Қазақстан Республикасының міндеттемелерін іске асыру мақсатында «Еліміздің био әртүрлілікті сақтау концепциясын» әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Тұжырымдаманың жобасы елдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алаңын 12,5%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде бұл көрсеткіш 11,3%-ды құрайды. 6 ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру жоспарланып отыр. Атап айтқанда Арал, Жайық орманы, Ертіс жайылмасы табиғи резерваттары, Түкті ұлттық паркі, Мерке өңірлік паркі және Қызылқұм қорығы. Сонымен қатар Үстірт, Қаратау қорықтарының, Ақжайық және Иле Балхаш резерват аумақтарын кеңейту көзделген. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді. Онда сауда мен инвестицияларды...

Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен...

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар және елдің алдағы...