Абай ауданының әкімі «Ынтымақ-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесті

Абай ауданының әкімі «Ынтымақ-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесті

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Парманов қалалық тиісті басқарма өкілдерімен бірлесе «Ынтымақ-2» шағынауданында жергілікті тұрғындармен кездесіп, инфрақұрылым мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жиында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары шағынаудандағы құрылыс жұмыстарының барысын баяндап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда шағынауданда ауыз су бойынша ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары атқарылуда. Оған жауапты мердігер – «Компания Ахмет» ЖШС.

Электр жарығы бойынша бюджеттен қаржы қаралап, мердігер мекеме «А.Мерей и К» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, «Ынтымақ-2» шағынауданының батыс бөлігінде де «А.Мерей и К» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары қолға алынған.

Табиғи газ мәселесі бойынша газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, «Энерго Ресурс Шымкентгаз» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Кездесу соңында аудан әкімі жұмыстардың барлығы қала әкімінің бақылауында екенін жеткізіп, мердігер мекемелерге сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В южной столице подвели промежуточные итоги Года рабочих профессий, объявленного Президентом Казахстана. Подробности в интервью с руководителем...

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің...

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға...