Әуежайдың жаңа терминал құрылысының барысын тексерді

Әуежайдың жаңа терминал құрылысының барысын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әуежайдың жаңа терминал құрылысының салыну барысын тексерді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Шымкентте сағатына 2000 жолаушыны өткізе алатын халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде.

Халықаралық маңызы бар нысан құрылысының сапасына баса назар аударды.

Бүгінгі таңда жер жұмыстары, свай және іргетасын құю жұмыстары толық аяқталып, терминалдың қасбеттік жүйелерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның жалпы аумағы 2,8 гектар болса, ғимараттың жалпы алаңы 35 мың шаршы метрді құрайды. Бұл әуежай SCAT компаниясының инвестициялық жобасы.

Өткен жылы әуежай алдындағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстары мен жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар аяқталған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...