Шымкентте «Еңбек жолы» конкурсы басталды

Шымкентте «Еңбек жолы» конкурсы басталды

Құрметті жұмыскерлер мен жұмыс берушілер!
«Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз!

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын еңбек күні мен «Еңбек жолы» республикалық конкурсын атап өтеді.
Ағымдағы жылы бұл іс-шаралар Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылының аясында өткізілетін болады.
Қоғамда еңбек адамы туралы жақсы пікір қалыптастыру, жастардың еңбекке құрметпен қарауын, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу үшін жыл сайын «Еңбек жолы» конкурсы өткізіліп келеді.
Конкурс «Үздiк еңбек әулетi», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» номинацияларынан тұрады.
Үздік еңбек әулеті - бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.
Еңбек әулеті– бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері - бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
Өндірістің үздік жас маманы - бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
Конкурс 2 кезеңде өтедi: «Еңбек жолы» конкурсы жеңiмпаздарын өңірлік және республикалық деңгейде iрiктеу. Республикалық комиссия жеңiмпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар) анықтайды. Конкурсқа кәсiпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлерi қатыса алады.
1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке куәліктің көшірмесін;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);
6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.
Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері
біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Қатысуға өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданады!
(Мекен-жайы: Шымкент қаласы, С.Бәйтереков көшесі, №89, Байланыс нөмірі: 8 7252 27-71-37, пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , Шымкент қаласы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы)

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесі...

Оңтүстік облыстардың шаруаларын суармалы сумен қамту үшін Түркістан облысындағы Шардара қоймасы 4 млрд 698 млн текше метр су жинап, 90% толды. Бұл...

Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның...