Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру

2025 жылдың 14 наурыз күні «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында, Қарағанды облысы Әділет департаментінің өкілдері, Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№6 жалпы білім беретін мектебі» КММ–нің 9-11 сынып оқушыларымен жасөспірімдер арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру тақырыбында кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелерін, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік шараларына ерекше назар аударылды. Әділет департаментінің өкілдері мен шақырылған спикерлер жасөспірімдерге әртүрлі заңсыз әрекеттер, соның ішінде ұсақ бұзақылық, ұрлық, денсаулыққа зиян келтіру және басқа да құқық бұзушылықтар үшін қандай салдары болуы мүмкін екенін түсіндірді.
Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, ата-аналардың жауапкершілігі, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жұмысы туралы сұрақтар қойды. Кездесу жанды және жайбарақат жағдайда өтті, бұл мамандар мен оқушылар арасында сенімді диалог құруға мүмкіндік берді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар алған білімдері жасөспірімдерге өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуге, сондай-ақ қоғамда заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді деген үміт білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ