«Күміс көмей» республикалық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды

«Күміс көмей» республикалық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен бүгін шаһарда тұңғыш рет «Күміс көмей» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде өткізілген байқау Қазақстанның халық әртістері Үрия Тұрдықұлова мен Жамал Омарованы еске алуға арналды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Өнер сайысында еліміздің әр өңірінен 16 дәстүрлі әнші бақ сынады. Үш кезеңнен тұратын ән байқауының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының күміс көмей әншісі Оразалы Жаңабай бас жүлдеге ие болды. Оған 1 миллион теңге қаржылай сыйақы табыс етілді. Бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген әнші Дияс Мұратхан, екінші орынды Қарағанды облысынан келген Қуандық Төкенов пен Жамбыл облысының өкілі Айсұлтан Көпбосын жеңіп алды.

Қалған жүлдегерлер мен қатысушылар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің өткен жолғы отырысында берген...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі...

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға...