Семей қаласында айналма жол салынады

Семей қаласында айналма жол салынады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли мен «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co.LTD» компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэй Семей қаласын айналып өтетін автожол құрылысын жүзеге асыруға бағытталған келісімге қол қойды.

Жоба қазақ-қытай кәсіпорындарының бірлескен консорциумы негізінде биылғы тамыз айында басталып, 2028 жылға дейін жүзеге асырылады. Аталған бастама Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы шеңберінде халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп іске асырылатын ерекше маңызы бар жобалар тізбесіне енгізілген.

Жаңа айналма жолдың салынуы облыстың логистикалық әлеуетін арттырып, тоғыз жолдың торабындағы Семей қаласының көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Облыс орталығындағы аспалы көпір арқылы жылына 700 мыңға жуық көлік өтеді.

Аймақ басшысы облыс тұрғындары үшін аса маңызды жобаның тиісті жұмыстары басталып та кеткенін атап өтті.

«Қазақ-қытай кәсіпорындарының бірлескен консорциумы негізінде қол қойылған келісімге сай биыл тамыз-қыркүйек айларында жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалады. Ал қазан, қараша айларында айналма жолдың алдын ала жобасы әзірленіп, көпірлер мен жол айырықтары әкімдікпен келісіледі. Қараша, желтоқсан айларында жұмыс жоспары, құрылысқа дайындық әкімдікпен келісіледі. Содан кейін барып Семей қаласын айналып өтетін автожол құрылысы басталады. Бұл келісім біздің елдер арасындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың негізіне айналып, Еуразиядағы халықаралық көлік дәліздерінің дамуына айтарлықтай үлес қосатынына сенімдімін», – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде қытайлық компания өкілдері жұмысты бастауға дайын екенін жеткізді.

«Екі ел достығының арқасында жүзеге асқан Астана қаласындағы LRT құрылысына қатысып жатырмыз. Біздің компания бұл жобаға былтырдан бастап араласып, бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Осы тәжірибемізді Семей қаласындағы айналма жол құрылысы кезінде іске асырамыз деп ойлаймын» деді Чжоу Хайвэй.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің өткен жолғы отырысында берген...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі...

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға...