Түркістан облысында 7 ірі медициналық нысан салынады

Түркістан облысында 7 ірі медициналық нысан салынады

Түркістан облысында алдағы жылдары 7 ірі жоба іске асырылмақ. Олардың қатарында облыс орталығында салынып жатқан 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы да бар. Нысан биыл жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Сарыағаш қаласында 300 орындық перинаталдық орталығы бар көпбейінді аурухана, Ордабасы ауданында 200 төсек орындық заманауи медициналық орталық, Түркістан қаласында 200 орындық облыстық балалар ауруханасы салынбақ. Бұл жайында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшының орынбасары Бауыржан Сатыбалды брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«2021 жылы Түркістан қаласында Мұхаммед Бен Заид Аль Нахаян атындағы 80 орындық перзентхана құрылысы үшін Түркістан облысының әкімдігі 3,3 гектар жер телімін бөлген болатын. БАӘ, Абу-Даби қоры демеушілікті мойнына алса, конкурс нәтижесінде «Эристайл-Казахстан» ЖШС мердігер мекеме атанды. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталады. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында 210 орындық аудандық аурухана мен Сауран ауданында ауысымына 500 келушіге арналған емхана құрылыстары жүргізілуде» - деді спикер.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыс көлемінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен облысымызда азаматтардың 83%-ы қамтылған. Халықты МӘМС жүйесіне тарту жөнінде Түркістан облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен және мемлекеттік органдармен өңірлік штаб құрылып, қала-аудан әкімдіктеріне тапсырма беріліп жұмыстар жүргізілуде.

Өңір тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. 2024 жылдың қорытындысымен 15,9 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 549 түрін сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін «Д» есепте тұратын 213 665 науқас жалпы сомасы 16 882 419 мың теңгеге қамтамасыз етілген. Соның ішінде, 18 жасқа дейінгі 64 257 науқасқа 3 523 275 мың теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, облыстағы медициналық мекемелердің техникамен жарақтандырылуы 85,22% құрап отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай Түркістандағы «Фараб» кітапханасында «Ұлттық киім – ұлттық бренд» атты...