Түркістан: Төлебиде Наурыз мерекесі қарсаңында 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді

Түркістан: Төлебиде Наурыз мерекесі қарсаңында 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылданып, тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары үздіксіз жүзеге асуда, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Осы ретте, бүгін Наурыз мерекесі қарсыңында Төлеби ауданында 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жоба құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын тұрғын үй құрылысының көлемі 7877,4 шаршы метр.

Жаңа қоныс иелерін аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов құттықтап, тұрғындарға салтанатты түрде тапсырды. Атап айтсақ, тұрғын үй кезекте тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылды.

Аталған тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Тау Бетон» ЖШС-і мен «Ынтымак-ОК» ЖШС-і мердігер мекемелері жүргізген.

Айта кетейік, тұрғындарды баспанамен қамту бағытында бүгінгі күнге дейін мемлекет есебінен Леңгер қаласы І мөлтек ауданда 23 көпқабатты үй құрылысы жүргізіліп, 1000-ға жуық отбасы баспаналы болды. Ауданда тұрғын үй кезегінде 5 мыңнан астам адам тіркелген.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін үш көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталып, 156 отбасыға пәтер кілттері табысталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің өткен жолғы отырысында берген...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі...

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға...