Мектептерде балаларды кітап оқуға баулитын жобалар қолға алынды

Мектептерде балаларды кітап оқуға баулитын жобалар қолға алынды

Елордадағы Абай Құнанбайұлы атындағы  №87 мектеп-гимназиясында «Балалар кітапханасы» жобасына ерекше көңіл бөлінеді. Оның мақсаты – кітап оқуға және білім алуға қызығушылық қалыптастыру. Осы жоба аясында «8 минуттық оқу» жүйеленді. Яғни, Астана қаласының мектептері сабаққа дейін 8 минут кітап оқиды.  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ғибрат» бағдарламасы, «Үздік оқырман» оқырмандар клубы сынды іс-шаралар да тұрақты түрде іске асырылады. Бұл жайында Абай Құнанбайұлы атындағы  №87 мектеп-гимназиясының аға тәлімгері Данияр Ихсан ОКҚ алаңындағы дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ