Шымкент қаласындағы ипподромда бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионаты — Olimpbet-тің бірінші іріктеу кезеңі өтті. Бұл жарысты Бәйге федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Бәйге — қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі. Бұл сайыста шабандоздар тек шапшаңдық емес, мықты дайындық пен шеберлікті көрсетті.
Құнан бәйгеде 17 сәйгүлік қатысып, Жамбыл облысының Айхай атты тұлпары жеңіске жетті.
Ұшқыр бәйгеде үш ат жарысып, Алматы облысының Әбдеш торысы бірінші орын алды.
Топ бәйгеде 17 жылқы бақ сынап, жеңімпаз — Жамбыл облысының Кердауылы.
Аламан бәйге де аса тартысты өтті. 16 тұлпар қатысып, жеңіс Алматы облысының Қаршығасына бұйырды.
Жарыс тек спорттық бәсеке емес, көрермендер үшін мерекелік шара болды. Олар әртістердің өнерін тамашалап, ұлттық ойындарды көріп, Olimpbet-тің сыйлықтарына ие болу мүмкіндігіне ие болды.
Чемпионаттың финалы 2025 жылдың күзінде өтеді. Бірақ оған дейін шабандоздар Қызылордада өтетін екінші кезеңде өз шеберлігін дәлелдеуі тиіс.