Қазақстандық оқушылар IChO-2025 халықаралық химия олимпиадасына аттанды

Қазақстандық оқушылар IChO-2025 халықаралық химия олимпиадасына аттанды

5–14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде 57-ші Халықаралық химия олимпиадасы (IChO-2025) өтеді. Олимпиадаға 90-нан астам елдің үздік жас химиктері қатысады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасына – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған төрт дарынды оқушы енді:
Абылай Кабдулхадыр – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
Аңсар Жақсылықов – Ақтөбе облысындағы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
Еңлік Бақытбекова – Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
Кирилл Ким – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.
Қазақстан құрамасының жетекшілері:
Санжар Бегдаир – Korea Advanced Institute of Science and Technology (KAIST) магистранты, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
Ринат Илюсизов – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Қазақстан құрамасына сәттілік тілейміз!
Анықтама үшін: Химиядан халықаралық олимпиада (IChO) – мектеп оқушыларының теориялық және практикалық білімдерін бағалауға бағытталған 7 беделді олимпиадалардың бірі. Қазақстан құрамасы аталған жарысқа 1998 жылдан бастап қатысып келеді. Осы күнге дейін құраманың қоржынында 10 алтын, 35 күміс, 48 қола мен 4 грамота бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қостанай облысына жұмыс сапары барысында іске асырылып жатқан маңызды жоба - KIA маркалы автомобиль...