Түркістан облысында «Таза like» экологиялық акциясы өтті

Түркістан облысында «Таза like» экологиялық акциясы өтті

Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысында жалпыұлттық “Таза like” экологиялық акциясы өтті. Бұл шара табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Акцияға облыс тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және белсенді азаматтар қатысып, қала мен ауылдардағы қоғамдық орындар, саябақтар, су айдындарының жағалаулары, көшелер мен аулалар қоқыстан тазартылды.

Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникация бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Смадияр Сабировтың айтуынша, мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп, қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қоса бермек. “Таза қала” акциясы аясында бүгін жалпы көлемі 80 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 4 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында қаланың ең маңызды көшелері ғана емес, қоғамдық орындар, аулалар мен ішкі орам жолдардың бойы, сондай-ақ шет аймақтардағы қоқыс шығару орындары тазартылды. Түркістан қаласының тазалығын сақтау — әкімдіктің басты назардағы мәселелерінің бірі”, деді бөлім басшысы.

Экологиялық бастама өңірдің табиғатын қорғауға ғана емес, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға да бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Қазақ даласында әлемдегі ең негізгі діндер мен конфессиялардың барлығы дерлік тараған және бір-бірімен жарасым тапқан. Біз қазіргі Қазақстанда да осы игі дәстүрді...

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана төрінде бас қосқан әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары мен басқа да қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд жұмысына...

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана төрінде бас қосқан әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары мен басқа да қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд жұмысына...