Мемлекет басшысы Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесті

Мемлекет басшысы Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархына ілтипат білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты. Президент Патриархтың жарқын үндеуі мен мазмұнды ұсыныстары Астана дінаралық форумының рөлін нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент қазіргі заманда дін айрықша рөл атқаратынына тоқталып, бейбітшілікті сақтау және дінаралық қарым-қатынас мәдениетін ілгерілетуде дін қайраткерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелгенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы православ діні Қазақстанның рухани өмірінде маңызды орын алатынын атап өтіп, оның ағартушылық, бітімгерлік және қоғамдық миссиясының құндылығына назар аударды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Қазақ даласында әлемдегі ең негізгі діндер мен конфессиялардың барлығы дерлік тараған және бір-бірімен жарасым тапқан. Біз қазіргі Қазақстанда да осы игі дәстүрді...

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана төрінде бас қосқан әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары мен басқа да қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд жұмысына...

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана төрінде бас қосқан әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары мен басқа да қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд жұмысына...