Әскери қызметке шақырылатын азаматтарға бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндік қарастырылады

Әскери қызметке шақырылатын азаматтарға бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндік қарастырылады

Әскерге шақырылған азаматтарға қызмет өткергеннен кейін бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер мен мүмкіндіктер беріледі. Оның ішінде жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктер, білім беру гранттары, сондай-ақ әскери қызметкерлерге жұмысқа орналасу мүмкіндігі, несиелік демалыс және қосымша әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Сонымен қатар, әскерге шақыруға қатысушылардың құқықтық жауапкершілігі де қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, дәлелсіз себептермен шақырудан жалтарған азаматтарға айыппұл салынады, ал медициналық куәландырудан жалтарғандар үшін ескерту немесе айыппұл қарастырылған. Қызметтен жалтарған жағдайда қылмыстық жауапкершілік туындап, айыппұлдар, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар немесе бас бостандығынан айыру сияқты шаралар қолданылуы мүмкін.

Қазіргі таңда әскерге шақыру процесі автоматтандырылған. Бұрын қағаз түрінде ұсынылатын анықтамалар енді электрондық үкімет порталында рәсімделеді. Студенттер туралы мәліметтер Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесіне тікелей Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің базаларынан беріледі. Шетелде оқитын азаматтар да электрондық үкімет арқылы тіркеле алады.

Шымкент қаласындағы көктемгі әскерге шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасады. Барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Шақыру қағаздары азаматтарға тұрғылықты жері бойынша немесе жұмыс орны арқылы жеткізіледі, сондай-ақ SMS-хабарламалар да жіберіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...