Роман Скляр Боао Азиялық форумына қатысты

Роман Скляр Боао Азиялық форумына қатысты

Боао Азиялық форумының (БАФ) 24-ші сессиясына қатысу шеңберінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсянмен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Роман Скляр Қазақстан–Қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайтуға және сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға күш салуға дайын екенін білдірді.

Дин Сюэсян екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетудің және мемлекеттер басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар ҚР–ҚХР Ынтымақтастық комитеті отырысының қорытындыларына оң баға беріп, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейіндегі тұрақты кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, барлық өзекті екіжақты мәселелер бойынша тығыз жұмыс байланыстарын сақтауға келісті.

Роман Скляр қытайлық әріптесін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Өзгермелі әлемдегі Азия: ортақ болашақ жолында» тақырыбында өткен Боао Азиялық форумының 24-ші сессиясының ашылу салтанатына қатысты.

Форумға 60-тан астам елден келген делегациялардың басшылары және 2 мыңнан астам үкіметтік ұйымдардың жетекшілері, ірі компаниялардың, ғылыми топтардың өкілдері және сарапшылар қатысты. 

Роман Скляр БАФ шеңберінде «Жаһандық жеткізу тізбегінің тұрақтылығын сақтау: байланыстың рөлі» тақырыбында өткен панельдік сессиясында негізгі спикер ретінде сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына, сауда кедергілерін азайту және жаңа көлік бағдарларын қалыптастыру бойынша бірлескен жұмысқа, сондай-ақ өзара жеткізу тізбектерін жетілдіру үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдануға қатысушылардың назарын аударды. Қазақстан делегациясының басшысы Азия құрлығы елдеріне жаңа мүмкіндіктер «терезесін» аша отырып, тығыз байланыс орнатуға шақырды.  

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанай облысындағы бес ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшысы, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Бір округке бес...

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық техника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - қытайлық Mindray корпорациясымен бірлесіп, Қазақстан...

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий...