Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан қабылдаған қарардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Аймақтық орталықтың институттық негізін жасақтау бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл құрылғанына 80 жыл толған БҰҰ-ның әлі де әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым саналатынын жеткізді. Сонымен қатар мемлекеттердің барлығы құрылым Жарғысы мен әлем елдері мойындаған халықаралық құқық қағидаттарын сақтауға тиіс деп санайды.

Бас хатшы Қазақстанның бітімгершілік күш-жігеріне, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға және орнықты дамуды ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий...

Инвестициялық жобалар – жаңа жұмыс орындарын ашудың негізгі көзі әрі халықты жұмыспен қамтудың драйвері. Мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін...