Мәселен, 2024 жылы күзде мектеп оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік беретін «Мансап компасы» платформасы енгізілді. Платформа қазірдің өзінде 744 сұранысқа ие мамандықтар, орташа жалақы, еңбек етушілердің саны туралы ақпаратты ұсынады.
Бұл ретте, Жұмысшы мамандықтары жылы аясында платформада жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушыларының кәсіби диагностикасының жаңа функциясы жүзеге асырылды. 7-11 сынып оқушыларын «Мансап компасы» платформасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен қамту 2025 жылдың қыркүйегінде басталып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 8 мыңға жуық мектептен 100 мың оқушыны қамту жоспарда бар.
2024 жылдан бастап Электрондық еңбек биржасында ТжКБ және ЖОО студенттері үшін өндірістік тәжірибеден өту орнын таңдауға мүмкіндік беретін функционал енгізілді. Студенттер нақты дағдыларды игеріп қана қоймай, кейіннен тәжірибеден өткен кәсіпорында жұмыс таба алады.
«Білім беру саласындағы уәкілетті органдардың ақпараттық жүйесінен барлығы 104 мыңға студенттің деректері алынды. Олардың арасында 15 мың студент Электрондық еңбек биржасында өз резюмелерін жариялады. Оның ішінде 4 мыңға жуығы практикадан өтетін орындарын растады. Жалпы, Электрондық еңбек биржасында 5 мыңға жуық студент үшін «практикадан өту үшін» деген белгісі бар 27 мыңға жуық вакансия жарияланды», – деп түйіндеді вице-министр.