Түркістандық оқушылар үзіліс кезінде ұлттық спорт түрлерімен айналысады

Түркістандық оқушылар үзіліс кезінде ұлттық спорт түрлерімен айналысады

Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ұлттық спорт түрлеріне қызығушылығы жоғары. Онда шәкірттер садақ ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру, арқан тарту мен тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерімен айналысады. Білім ордасының директоры Айгүл Бабашеваның бастамасымен құрылған «Орда» жобасының балаларға берері көп. Басты мақсат- оқушылар арасында ауызбіршілік пен ұлттық құндылықтарға деген ынтаны арттыру, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Оқушылар ұлттық спорт түрлерінен ғана емес, зияткерлік сайыстары мен мәдени іс-шараларда да белсенділік танытып келеді. Оқу жылының соңында әр бірлестіктің ұпай сандары жинақталып, ең жоғары ұпай жинағанына «Орда» кубогы мен еліміздің көрікті жерлеріне саяхаттауға жолдама табыс етілмек. Сондай-ақ, тоқсандағы жетістіктері үшін де әр бірлестікке мәдени орталықтарға билеттер беріледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуде. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов журналистермен өткен брифинг барысында...

Алматы қаласында «Мерейлі отбасы – 2025» Ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Ұлттық конкурс) жыл сайынғы дәстүр бойынша Халықаралық отбасы күніне орай 15...