Қарағанды облысында «Менің Жеңіс тарихым» патриоттық челленджі басталды

Қарағанды облысында «Менің Жеңіс тарихым» патриоттық челленджі басталды

Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Менің Жеңіс тарихым» патриоттық онлайн-акциясы басталып, облыс тұрғындары, оқушылары және жастары әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда. Олар соғысқа қатысқан туыстарының және тыл еңбеккерлерінің суреттерімен белсенді түрде бөлісіп, оларды қысқаша отбасылық әңгімелерімен, естеліктерімен және мұрағаттық суреттерімен жариялауда.

Қарағанды қаласының тұрғыны Алия Искакова өзінің атасының өмір баяны туралы қысқаша ақпаратпен бөлісті: «Искаков Ахметжан Искакович Жезқазған облысы, Ақадыр ауданының Өспен кентінде 1920 жылы туған. 1940 жылы әскер қатарына шақырылды. Қоршаудағы Ленинградты босатуға қатысты. Қызы Армияның атқыштар взводында болған.   ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 1943 жылы соғыста алған контузияға байланысты босатылды. Босатылғаннан кейін кейін мұғалім болып жұмыс істеп, мектепте алгебра, геометрия және физика пәндерінен сабақ берді».

Әлеуметтік желінің бір қолданушысы Мөлдір Ерболатқызы атасының ағасы туралы әңгімелеп берді: «Менің атам, Дюсембаев Ершора — ерліктің, намыстың және туған жерге деген адалдықтың үлгісі. 1941 жылдың шілдесінде майданға аттанып, Ұлы Отан соғысының ауыр күндерінде елі мен жерін ерлікпен қорғады. Курск түбіндегі және Харьков үшін шайқастарда асқан батырлық танытқандардың бірі. «Катюша» артиллериялық қондырғысының командирі ретінде жауға қарсы қаймықпай шайқасты. 1943 жылы қазан айында аяғынан ауыр жарақат алғанына қарамастан, рухы сынбады. Оның ерлігі «Даңқ» орденімен, «Отан соғысы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды».

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағанды облысынан майданға 45 мыңға жуық адам аттанды. Олардың 18 мыңға жуығы туған жеріне оралмады. Алайда олардың әрқайсысының ерлігі мен жанқиярлығы ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталады.

Ерен ерлігі мен қайсарлығы үшін 18 қарағандылық жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ал 6587 сарбаз ордендер мен медальдармен марапатталып, ел тарихында өшпес із қалдырды.

«Менің жеңіс тарихым»— бұл жай ғана акция емес, бұл ата-бабаларымыздың ерлігіне деген шынайы құрмет.

Бұл бастама арқылы біз әр отбасының жеңіс жолын еске түсіріп, соғыс жылдарындағы батырлық пен табандылықты жаңғыртамыз. Әрбір естелік — бұл ұрпақтар арасындағы байланыс, мақтаныш пен рухтың көрінісі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В честь 80-летия Великой Победы в городе Алматы прошла масштабная благотворительная акция «Ардагерге құрмет». В рамках акции, волонтеры города...

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет» атты ауқымды қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында Алматы қаласының еріктілері соғыс ардагерлеріне...