Әл-Фараби ауданына қарасты Қазыбек би және Майлықожа көшесіндегі көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесу өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары және көпқабатты үй тұрғындары қатысты.
Жиналыс барысында өзекті мәселелердің бірі «Бір үй-бір бірлестік-бір шот» қағидаты туралы сөз қозғалды. Тұрғындар ойландырып жүрген сұрақтарына мамандар тарапынан толық жауап алды. Нәтижесінде тұрғындар мүлік иелерінің бірлестігін құруға шешім қабылдады.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы мүлік иелерінің бірлестігі мен жай серіктестік құруда көш бастап тұр. Бүгінде аудан аумағындағы 51 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі, ал 83-де жай серіктестік тіркелді.