Дәстүрлі сенбілік Әл-Фараби ауданына қарасты Әбдіразақов 9 көпқабатты үйінің ауласында өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тазалық жұмыстарына аула тұрғындары атсалысты. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, ұйымшылдықтың арқасында балалар алаңшасындағы ойын элементтері мен орындықтарды сырлау, ауланың шөбін орып, сыпыру, ағаш қырқу, қоқыс шығару сияқты санитарлық тазалық жұмыстарына тұрғындар да жұмылды.
Сондай-ақ арнайы техника көмегімен қураған және тұрғындарға кедергі келтіретін бұтақтар кесіліп, ағаш түптері әктелді.
Жоғары дәрежеде өткен сенбілікке 9 техника мен 100-ден аса адам жұмылдырылды.