Алматыда өткен халықаралық конференцияда музыкалық түркологияның дамуы мен болашағы мәселелері талқыланды

Алматыда өткен халықаралық конференцияда музыкалық түркологияның дамуы мен болашағы мәселелері талқыланды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Бүгінгі музыкалық түркология: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталмыш іс-шара 1994 жылы Алматыда өткен «Түркі халықтарының музыкасы» атты алғашқы халықаралық симпозиумның 30 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

1994 жылғы симпозиум музыкалық түркологияны жеке ғылыми бағыт ретінде қалыптастыруына және жаңа зерттеуші буын шығаруға зор ықпал етті. 2025 жылғы конференция осы дәстүрді жалғастырып, оған Қазақстаннан, түркі мемлекеттерінен, сондай-ақ Ресей, Германия, Жапония, АҚШ, Польша және Словакиядан келген жетекші мамандар жиналды.

Конференция Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Конференция аясында пленарлық отырыстар, тақырыптық секциялар, «Түркітілдес елдердің ұлттық музыкалық аспаптары» атты халықаралық ғылыми басылымның тұсаукесері, шеберлік сабақтары мен танымал музыканттардың қатысуымен «Түркі әлемінің дәстүрлі және заманауи музыкасы» атты концерт өтті.

Сондай-ақ конференция аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы базасында Түркі музыкалық мәдениеті мен мұрасы орталығының салтанатты ашылуы рәсімі өтті. Бұл орталық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен құрылып, оған Болат Қарақұловтың есімі берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

"Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін...

«Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек», – Қ.К. Тоқаев, IV Ұлттық...