«Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

«Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

Алматы, 2025 жылғы 11 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Алматы қаласында өткен «Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуіне қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Күн тәртібіне сәйкес кездесуге қатысушылар 2022 жылғы қазанда Астана қаласында өткен «Орталық Азия – Ресей» алғашқы саммитінің қорытындылары бойынша мемлекет басшылары берген тапсырмалардың іске асырылу барысын қарастырып, алтыжақты формат аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өз сөзінде М.Нұртілеу өңір елдері соңғы жылдары мемлекетаралық өзара байланыстардың барлық спектрі бойынша қол жеткізген маңызды нәтижелерді атап өтті. Бұған Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы өзара сауда көлемінің тұрақты өсімі дәлел. Атап айтқанда, 2024 жылы өңірішілік тауар айналымы 44,7 млрд АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы көрсеткіштен 11,3%-ға жоғары болды.

ҚР СІМ басшысы табысты ынтымақтастықтың айқын мысалдары ретінде Ресей газының Қазақстан аумағы арқылы Орталық Азия елдеріне транзиті, энергетика нысандарын салу және жаңғырту, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, сондай-ақ автожолдар мен теміржол желілерін қайта жаңарту және кеңейту жобаларын атап өтті.

Сонымен қатар ол бар әлеуетті ашу, ынтымақтастық серпінін сақтау, жаңа «өсу жолдарын» іздеу, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді одан әрі шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті. «Сенімге, өзара құрметке және ортақ тарихи жақындыққа негізделген серіктестік байланыстардың беріктігін сақтау қажет», – деді М.Нұртілеу.

Іс-шара қорытындысы бойынша 2025-2027 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимылдар жоспары жобасын дайындау бойынша бірлескен жұмыстың аяқталғаны жарияланды. Аталған құжатты «ОА-РФ» екінші саммиті барысында мемлекет басшыларының қарауына енгізу жоспарлануда.

Тараптар «Орталық Азия+» форматындағы өңіраралық ынтымақтастықтың орнықты платформасы ретінде Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға бейілділігін растады және сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық ынтымақтастықтың стратегиялық маңызды бағыттарына күш-жігерді жұмылдыруға дайындықтарын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабта Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің...

Аким города Алматы Ерболат Досаев в рамках рабочей поездки принял участие в праздновании Наурыз мейрамы, организованном для сотрудников Департамента полиции и их семей. В...