Үкіметте автомобиль және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Үкіметте автомобиль және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында автомобиль және теміржолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Биыл жалпы қаржыландыру сомасы 781,2 млрд теңгеге 8,8 мың шақырым автожол түрлі жөндеу түрімен қамтылады. Оның ішінде 2,1 мың шақырым қайта жаңартылса, 459,6 шақырымға күрделі жөндеу жүргізіліп, 6,3 мың шақырымға орташа жөндеу жасалады. Сондай-ақ биыл «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор», Қызылорда, Рудный, Сарыағаш, Петропавл қалаларының айналма жолы секілді 1 мың шақырым автожол салу мен реконструкциялау бойынша 7 жаңа жоба іске қосылады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы Дархан Иманашев шекаралық аймақтар арқылы тиімді және қауіпсіз транзитті қамтамасыз ету шарасы туралы хабардар етті. Ол үшін автомобиль өткізу пункттерін (АӨП) кезең-кезеңімен қайта құру жүргізіледі. Қазақстан шекарасы бойында жұмыс істеп тұрған 52 АӨП-тің 2030 жылға дейін 36-сы қайта жаңартылады.

«2025 жылғы жобаларға 644 млрд теңге, жаңа жобаларға 3,05 трлн теңге инвестиция салған кезде 2048 жылға қарай 6,4 трлн теңгеге дейін экономикалық нәтиже болады деген ойдамыз», — деді ол.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда жалпы ұзындығы 3,9 мың шақырым 20 ақылы автожол учаскесі жұмыс істеп тұр. 2025 жылғы жоспар бойынша жалпы ұзындығы 5,5 мың шақырым тағы 26 ақылы учаске іске қосылады. 2024 жылғы төлемақы алудан түскен табыс 48,4 млрд теңге.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ осы жылғы шілдеде екінші жолдардың құрылысы бойынша негізгі жұмысты аяқтап, ұзындығы 836 шақырым «Достық – Мойынты» учаскесі бойынша пойыз қозғалысын іске қосуды жоспарлап отыр. Іске асырылуы 3 жыл жүргізілген жобаның құны 542,8 млрд теңге. Сондай-ақ биыл негізгі жолының ұзындығы 75 шақырым болатын 123 шақырым «Алматы айналма жолы» т/ж желісінің құрылысы аяқталмақ. Жоба құны 151,7 млрд теңге.

Келесі жылы инвестиция көлемі 720,4 млрд теңгені құрайтын «Қызылжар – Мойынты» теміржол магистралінің құрылысын аяқтау мен «Алтынкөл – Жетіген» учаскесін жаңғырту (107,8 млрд теңге) жоспарлануда. Жұмыс жоспар бойынша жүргізілуде.

Штаб отырысының қорытындысында вице-премьер ұлттық компанияларға барлық инфрақұрылымдық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Мемлекеттік органдар жобаларды уақтылы іске асыруға кедергі келтіретін бюрократиялық кідірістерді шешу үшін тұрақты бақылау жүргізіп, толық жәрдем көрсетуі тиіс.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар міндеттер қойды. Мемлекет...

В честь 80-летия Великой Победы в городе Алматы прошла масштабная благотворительная акция «Ардагерге құрмет». В рамках акции, волонтеры города...

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет» атты ауқымды қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында Алматы қаласының еріктілері соғыс ардагерлеріне...