Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасына сәйкес және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Шет ауданының прокуратурасы үздік ұжымдардың қатысуымен «Жайдарман» фестивалін ұйымдастырды.
Фестивальға Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Астана қаласының командалары қатысты. Құрметті қонақтар ретінде айтыскер ақын Дидар Қамиев пен облыс прокуратурасының Аппарат басшысы Елдос Жаппар шақырылды.
Қатысушылар қылмысқа қарсы күрес тақырындағы әзіл-оспақ қойылымдарын көрсетті. Жарыс соңында үздік командалар ақшалай және басқа да сыйлықтарға ие болды.
Аудан прокуратурасы жастарды, жұртшылықты белсенді түрде құқық бұзушылықтың алдын алуға тартып, азаматтарды сақ болуға, әсіресе алаяқтық пен нашақорлыққа қарсы күресте қырағы болуға шақырады.