Айдарбек Сапаров қарағандылық егіншілерді мал шаруашылығын дамытуға шақырды

Айдарбек Сапаров қарағандылық егіншілерді мал шаруашылығын дамытуға шақырды

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың, облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың, қаржы институттарының, аграрлық ғылымның, агрохолдингтер мен өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңестің басты тақырыптары – көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және оны өткізу, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары болды.

Министр еліміздің барлық өңірінде егіс науқанына белсенді дайындық жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2025 жылы 23,7 млн гектар жерге егін егу жоспарланып отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 413 мың гектарға артық. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға – 16,6 млн гектар, ал майлы және мал азықтық дақылдарға – әрқайсысына 3,3 млн гектар бөлінеді.
Оңтүстік өңірлерде көктемгі дала жұмыстары басталып кетті.

«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын жаңа даму деңгейіне шығару және 5 жыл ішінде жалпы өнім көлемін екі есе арттыру жөнінде нақты тапсырмалар қойды. Әрбір бағытты қамтитын Жол картасы әзірленді.

Президент тапсырмасына сәйкес, биыл 1 млн гектар жерге әртараптандыру жүргізіледі. Атап айтқанда, жоғары рентабельді дақылдардың көлемі 378 мың гектарға ұлғайтылады. Оның ішінде: күнбағыс – 121 мың гектарға, мал азықтық дақылдар – 127 мың гектарға, арпа – 158 мың гектарға, қарақұмық – 41 мың гектарға.

Биыл біз екі есе қарқынды жұмыс істеуіміз қажет. Барлық қажетті ресурстар бар, оларды агробизнестің өсуі үшін тиімді пайдалануымыз керек», – деді Айдарбек Сапаров.

Министр мемлекеттік қолдау шараларын да еске салды. Соның ішінде – 5%-дық мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту. 2025 жылы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі рекордтық 700 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Қазіргі уақытта 450 млрд теңгені құрайтын 6,3 мың өтінім қабылданып, 4,7 млн гектар егіс алқабы қамтылды.

Кепіл жеткіліксіздігі мәселесін шешу үшін «Даму» қоры арқылы 85%-ға дейінгі мемлекеттік кепілдеме құралы қолданылады.

2025 жылы ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингпен алуға 200 млрд теңге бөлінді.

Шаруаларға тыңайтқыштар мен пестицидтерді белсенді қолдану, тұқым сапасын арттыру ұсынылды.

Мал шаруашылығын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Айдарбек Сапаров биыл жеңілдетілген несие беру мал шаруашылығы саласын да қамтитынын атап өтті. Алғашқы кезеңде ірі қара және ұсақ мал бордақылау алаңдарының айналым қаражатына 50 млрд теңге бөлінеді.

Бұл шаралар бордақылауға және өңдеуге өткізілген мал үшін субсидияларды қайта қараумен қатар, өндірісті ынталандыруға және тиімсіз қолдау тетіктерін жоюға бағытталған.

«Әрбір шаруашылықта мал шаруашылығын дамыту – біздің негізгі міндетіміз. Бұл ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтуға, жем-шөпке сұраныс пен қажетті өнім өндірісінің артуына мүмкіндік береді. Әр кәсіпорында өз мал шаруашылығы блогы болуы тиіс. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін әкімдік белсенді әрекет етуі керек», – деп атап өтті министр.

Айта кетейік, Қарағанды облысында биылғы егіс көлемі 1,2 млн гектарды құрайды. 109 мың тонна тұқым дайындалған, 93 мың тонна минералдық тыңайтқыш енгізу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы – 100%.

Кеңес соңында Қарағанды облысының әкімі егіс науқанын сапалы тұқым мен заманауи агротехнологияларды қолдана отырып, оңтайлы мерзімде өткізу жөнінде тапсырма берді.

Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, онда ауыл шаруашылығы өндірушілері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, ет кластерін құру және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жұмыс сапары аясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановпен бірге Ұлан ауданы Қасым Қайсенов...