Serpin Way: 12 мыңнан астам оқушыға кәсіптік бағдар берілді

Serpin Way: 12 мыңнан астам оқушыға кәсіптік бағдар берілді

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Serpin Way» атты Петропавлдан Қазақстанның оңтүстік аймақтарына жүргізілген кәсіби бағдар беру туры аяқталды. Университеттің кәсіптік бағдар беру тобы оңтүстік аймақтар бойынша 6500 шақырымнан астам жол жүріп, Петропавлға оралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлерден құралған бағдарлау тобы 17 күн ішінде Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында 20-дан астам елді мекенде болды. 40-тан астам іс-шара өткізілді. Ірі қалалар мен шалғай ауылдарда «Serpin Way» керуенін жылы қарсы алды. Сапар барысында кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында барлығы 12 мыңнан астам оқушы қамтылды.

Кәсіби бағдарлау тобы мектеп оқушыларымен, оңтүстік өңірдің қалалары мен ауылдарының әкімшілігімен бірқатар кездесу өткізді. Талапкерлерге және олардың ата-аналарына оқуға түсу мүмкіндіктері, Қозыбаев университетінде бөлінетін гранттар, 160-тан астам білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Оңтүстік өңірдегі талапкерлерді тарту, оқуға түсу, гранттар, университеттегі оқу шарттары туралы мағлұмат таратылды.

Он жыл ішінде «Серпін» жобасы мыңдаған жас қазақстандықтар үшін нағыз әлеуметтік алаңға айналды. Жұмыс күші артық аймақтардың жастарына сапалы білім алуға және кадр тапшылығы бар аймақтарда жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жұмыс сапары аясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановпен бірге Ұлан ауданы Қасым Қайсенов...