Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтадым. Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек әлеуметтік парақшасында жазба қалдырған, деп хабарлайды «no-comment» ақпараттық агенттігі.
Алдағы атқарылар жұмыстарды да сала мамандарымен талқылап, бірқатар тапсырмалар жүктелді.
Көгалдандыру жұмыстарын уақытында аяқтап, жіті бақылап отыруды тапсырдым.
Қаланың әсем де, көркем бейнесін сақтау үшін жасалып жатқан көгалдандыру жұмыстарына ынтасымен қарауды сұрадым.
Себебі, қаланың тазалығы мен әсемдігін сақтау - әрбір қала тұрғынының парызы мен міндеті!
Қаламыз көркейе берсін!