«Арнаулыавтокөлік» ЖШС-да жұмыс сапарымен болдым.
Өндірістік-техникалық базамен танысып, техниканың жай-күйін қарап шықтым. Нәтижесінде, «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-ның басшысы С.Қуандықоваға техниканы жаңарту қажеттігін айттым. Сондай-ақ, “Арнаулыавтокөлік» ЖШС-ы басшылығының ұсыныстары мен тілектерін толықтай тыңдадым. Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек әлеуметтік парақшасында жазба қалдырған, деп хабарлайды «no-comment» ақпараттық агенттігі.
Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көпқабатты және жеке сектордағы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-1992 жылы құрылған (бүгінгі күнге дейін осы жұмыс түрімен айналысады).