Депутаттық кездесу

Депутаттық кездесу

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі Бекжанов Берік Айдарбекұлының Шымкент қаласына іс-сапары барысында «Айна» базарда болып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларының жайымен таныстық. Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек әлеуметтік парақшасында жазба қалдырған, деп хабарлайды «no-comment» ақпараттық агенттігі.

Еңбекші ауданының әкімі:  Қазіргі уақытта халықтың әл-аухатын ескере отырып, әлеуметтік тауарлардың орынсыз қымбаттауына жол бермеу, баға тұрақтылығын ұстап тұру өте маңызды.

Депутат Берік Айдарбекұлы қауіпті індеттің қарқыны сейілмей тұрған қиын кезде қарапайым тұрғындарға салмақ түспеу үшін бағалардың негізсіз өсуіне жол бермей, бағаларды уақытылы мониторингілеп отыру керектігін атап өтті. Сонымен қатар, базар әкімшілігіне тұтынушылармен жұмыс жүргізу барысында санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігіде ескертілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...