Құрылыс жұмыстарының барысы

Құрылыс жұмыстарының барысы

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжановтың Шымкент қаласына іс-сапары барысында Еңбекші ауданы, Тоғыс тұрғын алабындағы Б.Момышұлы атындағы №120 мектепте салынып жатқан қосымша ғимаратының құрылыс барысымен таныстырдым. Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек әлеуметтік парақшасында жазба қалдырған, деп хабарлайды «no-comment» ақпараттық агенттігі.

Еңбекші ауданының әкімі:  қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылысын мердігер мекеме «Жаңа Арна 2002» ЖШС-і атқаруда. Жер телімінің жалпы ауданы – 6105 м2. Нысанда 300 оқушы орны, спорт зал, асхана, медкабинет қарастырылған. Жобаның сметалық құны – 896,160 миллион теңге. Құрылыс 2020 жылдың 18 наурызында басталған. Ағымдағы жылдың 30-шілдесінде құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...