Түркістанда жүзуден облыстық чемпионат өтті

Түркістанда жүзуден облыстық чемпионат өтті
Түркістан қаласындағы «Орталық су спорт кешенінде» Жеңістің 80 жылдығына орай жүзуден жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат ұйымдастырылды. Спорттық сайыс спортшылардың жүзуге деген қызығушылығын арттырып, үздіктерді анықтауға бағытталған. Жарысқа өңірдегі аудан-қалалардан іріктеліп келген спортшылар қатысты.
 
Спортшылар 50 және 100 метрге еркін жүзу, брасс, шалқалай, баттерфляй әдісімен жүзуден жарысты. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға тиісті деңгейдегі кубок, медаль және дипломдар табысталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ