Еңбекші ауданы мешіттерінің имамдарымен Құрбан айт мерекесі қарсаңындағы кездесу

Еңбекші ауданы мешіттерінің имамдарымен Құрбан айт мерекесі қарсаңындағы кездесу

Аудан мешіттерінің имамдарымен Құрбан айт мерекесі қарсаңында кездестім. Басқосуда діни тұрақтылықты нығайту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек әлеуметтік парақшасында жазба қалдырған, деп хабарлайды «no-comment» ақпараттық агенттігі.

Жиын барысында аудандағы кейбір жерлерде мамандардың жетіспеушілігі сезіліп жатқаны өзекті мәселеге айналғаны айтылды. Бұл мәселені имамдар әлеуметтік мәселелермен байланыстырады.

Еңбекші ауданының әкімі:  алдымен дін өкілдерін қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, мереке қарсаңындағы атқарылар шараларымен таныстым.

Қазіргі ахуалға байланысты барынша карантиндік шараларын сақтау міндеттелді.

Сондай-ақ, Елдегі тұрақтылықтың ұйытқысы болар имам қызметкерлердің иығына артылып отырған жүктің жеңіл еместігін де айттым.

Құрбан айт - мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады.

Биыл Құрбан айт 20, 21, 22 шілде күні тойланады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...