“Халық қатысатын бюджет” жобасының аясында Ш.Уалиханов көшесінің бойында орналасқан 225, 225А, 227, 227А, 231Б, 233А көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстым. Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек әлеуметтік парақшасында жазба қалдырған, деп хабарлайды «no-comment» ақпараттық агенттігі.
Еңбекші ауданының әкімі: аулаларды аралау барысында тұрғындармен кездесіп, тұрғындарды абаттандыру жұмыстарын бірлесіп қадағалауға шақырдым.
Сондай-ақ, алдағы атқарылар жұмыстар мен жобаларға тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдадым.