Түркістанда Жеңістің 80 жылдығына орай бокстан Республикалық турнир басталды

Түркістанда Жеңістің 80 жылдығына орай бокстан Республикалық турнир басталды

Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы, Түркістан қаласының “Құрметті азаматы” Кеңес Пәзілұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында бокстан VI Республикалық ашық турнирі басталды.

Спорттық шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған. Жарыс - бұқаралық спортты дамытуға, спортшыларды жүйелі бокспен шұғылдануға баулу және үздіктерді анықтауға бағытталған.

Жалпы шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінен 160 спортшы өзара бақ сынасуда. Жарыста жүлделі орындарға ие болған спортшылар белбеу, медальдармен және тиісті дәрежесіне қарай дипломдармен марапатталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кеше Екатеринбургте «ИННОПРОМ» XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық...