Түркістанда тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Түркістанда тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін, 5 мамыр күні Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара Түркістан қалалық прокуратурасының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Шараға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар, қала прокуроры Кәукен Нәрікбаев, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен тыл ардагерлері қатысты.

Мерекелік жиында ардагерлерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына сәйкес «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» медалі табысталды. Сондай-ақ, Түркістан қалалық мәслихатының атынан арнайы алғыс хаттар мен қала әкімдігі тарапынан естелік сыйлықтар тарту етілді.

Бұл шара ардагерлерге олардың майдандағы ерлігі мен бейбіт өмірге қосқан үлестері үшін көрсетілген шынайы құрметтің белгісі. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпаққа тарихтан сабақ алып, бейбітшіліктің қадірін білуге мүмкіндік береді.

Батырларымызға мың тағзым!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кеше Екатеринбургте «ИННОПРОМ» XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық...