Шымкент: Тұран ауданында инфрақұрылым жаңарып, жаңа демалыс орындары салынып жатыр

Шымкент: Тұран ауданында инфрақұрылым жаңарып, жаңа демалыс орындары салынып жатыр

Құрылғанына үш жылдың жүзі болған Тұран ауданында ауқымды жұмыстар атқарылды. 21 шағын ауданнан тұратын аумақта бүгінде 232 мыңнан астам халық тұрады. Инфрақұрылым бойынша да айтарлықтай ілгерілеу бар. Атап айтсақ, ауыз сумен қамту 98,5 пайызға, электрмен – 95,2 пайызға, ал табиғи газбен қамту – 85,7 пайызға жетіп отыр. «Құрсай, Айкөл және Жаңаталап шағынаудандарын сумен қамтамасыз ету мақсатындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіштер 100%-ды құрайды деп күтілуде» - дейді аудан әкімі Берік Әшірбеков.

Табиғи газбен 18 шағын ауданы қамтылған. Қалған газбен қамтылмаған үш аудан, Жаңаталап, Құрсай және Айкөл шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып қалған. Жоспар бойынша 2026 жылы магистралды көшелерді газға қосу жұмыстары жүргізіледі.

Жол мәселесі мен көше жарығы да ауданда назардан тыс қалмаған. Биыл 126 көшеге асфальт төселіп, асфальтталған көшелердің үлесі 96 пайызға жетпек екен. Сонымен қатар, 35 көшеге 21,1 шақырым аяқ жол салу жоспарланса, 23 көшеге 20 шақырым шағал тас, 22 көшеге ирригация жүйесі орнатылмақшы екен. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында өткен жылы 681 көше жарықтандырылып, бұл көрсеткіш 95 пайызға жеткен болса, биыл 65 көше толық жарықтандырылып, аудан 100% жарықпен қамтылатын болады.

Ауданда тұрғындар демалатын алаңдар мен балаларға арналған ойын алаңшалары көбейіп келеді.

- 2025 жылы 33 жаңа жоба іске асады. Оның ішінде 18 балалар ойын алаңы, 13 спорттық және ойын алаңы, 2 көпшілік демалыс орны бар. Сонымен қатар, үш жаңа гүлзар салынады. Аудан көркіне көрік қосатын жұмыстар жалғасып жатыр, - дейді Берік Айдарұлы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп...