Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14 шілдедегі №22 қаулысына сәйкес, Қаратау аудандық карантиндік шектеу шараларын сақтау бойынша құрылған мониторингтік топ аудан аумағында өз жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жалпы аудан аумағында 1039 кәсіпкерлік нысан орналасқан. Аталған нысандарда күніне 2 рет дезинфекциялық жұмыстар тұрақты жүргізілуде
Еске сала кетсек, 2021 жылдың 1 қаңтар – 9 шілде аралығында мониторинг топ жалпы карантин талаптарын сақтамаған 522 нысанды анықтап, тиісті шара қарастыру үшін Қаратау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдаған болатын. Оның ішінде 488–іне әкімшілік айыппұл салынса, ал 34-і жұмыс үстінде.
Толтырылған хаттамалардың жалпы соммасы 27 434 355теңге
Жеке тұлға 21*41670 = 875 070 тенге (өткен жылдан қалған)
Жеке тұлға 446*43755 = 19 514 730 теңге
Жеке кәсіпкер 17*335 455 = 5 702 735теңге
ЖШС. 1*335 455 = 335 455 теңге
Лауазымды тұлға 3*335 455 = 1 006 365 теңге.