Шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтеді

Шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтеді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкентте алғаш рет шахматтан 8-18 жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сайысты Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстан шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастырды.

​«Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында қолға алынған спорттық сайыс 2021 жылдың шілде айының 20-30 жұлдызы аралығында өтеді.

«Қош келдің, чемпион» атты шахмат турнирінің мақсаты - халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру. Сондай-ақ, шахматтан жаңа таланттарды анықтау.

Жарысқа "Black Rock Business" ЖШС және Air Astana, Allur Auto, Сарыарқа АвтоПром, AIFC компаниялары демеушілік етуде.

Сайыстың жалпы жүлде қоры - 2 880 000 теңге. Жеңімпаздар шахматтан әлем және Азия чемпионаттарының жолдамасына ие болмақ.

Ел чемпионаты барлық санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...