Тұран ауданы 2026 жылы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылады

Тұран ауданы 2026 жылы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылады

Шымкент қаласының қарқынды дамып келе жатқан Тұран ауданы алдағы екі жыл ішінде толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Асылжан Дәулетханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында баяндады.
Бүгінде аудан халқының саны 232,7 мың адамға жетіп отыр. 21 шағынауданды біріктіретін аумақта 39 мыңнан астам жеке үй және 544 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Ауданның жалпы аумағы – 36 300 гектарды құрайды.
Қазіргі уақытта инфрақұрылым бағытында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Ауыз сумен қамту көрсеткіші қазірдің өзінде 98,5%-ға жетсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 100%-ды құрайтын болады. Құрсай және Айкөл шағынаудандарындағы құрылыс жұмыстары аяқталған соң, бұл бағыт толықтай шешімін таппақ.
Табиғи газбен қамту көрсеткіші – 85,7%. Қазірде Жаңаталап, Құрсай және Айкөл шағынаудандарында тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес, 2026 жылы ауданның барлық аумағы көгілдір отынға қосылады.
Электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша 2026 жылдың соңына дейін Құрсай шағынауданы да жарыққа қосылып, аудан 100% электрмен қамтылады.
Ал кәріз жүйесімен қамту деңгейі қазіргі таңда 57,1%-ды құрайды. 2024 жылы Түркістан шағынауданы мен Қазыбек би көшесінде құрылыс жұмыстары басталған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 60,2%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Толығырақ: youtube.com

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 – 2025 жылдары атап өтілетін Вьетнамның көрнекті партия және мемлекет басшысы Хо Ши Миннің Қазақстанға ресми сапарының 65 жылдығына орай, 2027...