Теміржол вокзалындағы символдық сағат қайта жанданды

Теміржол вокзалындағы символдық сағат қайта жанданды

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы Теміржол вокзалы алаңында, гүлденген айналма қиылыстың ортасында, биік әрі зәулім бағанада 4 бағытқа қарайтын сағаттар орналасқан.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мегаполистің көрнекті нысанына және визиттік карточкасына айналған аталмыш нысанның сағаттары іске қосылды.

Сағатқа қосалқы Швейцариялық «Hublot» бөлшектері орнатылып, бюджет қаражатынан тыс демеушілер есебінен сағат тілі қайта қозғалысқа енді.

Бұл жердің тағы бір ерекшелігі — вокзалдағы бұл сағаттар қаланың жалғыз қоғамдық сағаттары болып табылады!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кеше Екатеринбургте «ИННОПРОМ» XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық...