Түркістан: Созақта Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты шара өтті

Түркістан: Созақта Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты шара өтті

Бүгін Созақ ауданындағы «Даңқ» мемориалында Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Жиын барысында соғыс жылдарында жанқиярлықпен ерлік көрсеткен жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, гүл шоқтары қойылып, жиналған қауымға жеңіс лентасы таратылды. Одан бөлек, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мен бейбіт өмірде дүниеден өткен ардагерлердің рухына құран бағышталды.

Салтанатты жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жұртшылықты мерекемен құттықтап, ардагерлерге құрмет көрсету - ұрпақ парызы екенін атап өтті. Шара барысында аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, шараның маңыздылығын көрсете білді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

06 мая 2025 года на базе ТОО "Балхаш Жылу" организована ознакомительная экскурсия для студентов КГКП «Балхашский гуманитарно-технический колледж...

2025 жылғы 6 мамыр күні «Балқаш Жылу» ЖШС базасындаАлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жылу техникалық жабдықтар және...