Шымкент: Отан қорғаушылар күніне орай гала-концерт өтті

Шымкент: Отан қорғаушылар күніне орай гала-концерт өтті

7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай өткен мерекелік гала-концертке қала тұрғындары мен қонақтар көп жиналды. Кештің мақсаты — ерлік пен патриотизмді дәріптеу болды.

Концерттік бағдарламада жергілікті өнер ұжымдары мен өнерпаздары патриоттық әндерді әуелетіп, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік шараға жиналған көпшілік көтеріңкі көңіл күймен ұлттық рухты асқақтатар әуендерді сахна саңлақтарымен бірге шырқады.

Айта кетейік, 8–9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған түрлі деңгейдегі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ