Жеңіс күніне орай Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Ұлы Жеңіске зор үлес қосқан ардагер тыл еңбеккерлеріне барып, құрмет көрсетті.
ҚХА өкілдері:
- Усачева Валентина Ивановнаға,
- Нұрмагамбетова Сапар Жарденқызына,
- Исабекова Куләш Тиышбекқызына барып,құрмет пен алғыс белгісі ретінде арнайы азық- түлік өнімдері салынған құттықтау себеттерін табыстады. Сондай-ақ,ардагерлерге денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық-саулық тілеген жылы лебіздерін білдірді.
Мұндай кездесулер аға ұрпаққа құрмет пен қолдау көрсету маңыздылығын еске салады.
Біз Ұлы Жеңіске өз еңбегі және ерлігімен үлес қосқан жандарды ешқашан ұмытпаймыз!