Жеңіс күніне арналған мерекелік концертке жүздеген көрермен қатысты

Жеңіс күніне арналған мерекелік концертке жүздеген көрермен қатысты

Кеше Шымкентте «Астана» алаңында Жеңіс күні мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік шара барысында қаланың шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салып, шымкенттіктерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Шымкент цирк оркестрі» және «Шымкент концерт» ұжымы жанды дауыста ән салып, түрлі аспаптарда ойнады. Бұл шығармашылық ұжым Жеңіс күніне орай қалада 3 күн бойы өнер көрсетті. Жалпы, Шымкентте Үлы жеңіс күніне арнап түрлі іс-шаралар қаланың барлық жерлерінде өтуде.

- Концерт бірінші кезекте Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне арналған. Концертке Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін қатыса алады. Мұнда отандық композиторлардың әндері мен эстрада әншілерінің жаңа хит топтамалары орындалады,-дейді Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова.

Ал, концертке жүздеген көрермен қатысты. Олар бұл күннің тарихы маңыздылығын айта келе, жастардың бойына патриоттық сезімді сіңіру үшін жаңаша форматта ұйымдастырылған жиындар көп болса деген ізгі тілектерін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни...

Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай...

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...