Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік орталығының ерекшеліктері көрсетілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагеріне инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берді.

Бүгінгі таңда Біріккен Араб Әмірліктерінің 46 компаниясы АХҚО резиденті ретінде тіркелген. Олар қаржы және сақтандыру, ақпараттық-коммуникациялық технология, сауда, көлік, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі секілді түрлі салада қызмет етеді.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен БАӘ капитал нарығы арасында байланыс нығайып келеді. Мәселен, биыл 7 мамырда Nasdaq Dubai және Astana International Exchange (AIX) биржалары орталық депозитарийлерінің арасында тікелей байланыс орнағанын жариялады. Былтыр AIX Абу Даби биржасы (ADX) құрған Tabadul цифрлық биржа хабына қосылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік...