Мектепте ерлік сабағы: «Заң және тәртіп» аясындағы патриоттық тәрбие

Мектепте ерлік сабағы: «Заң және тәртіп» аясындағы патриоттық тәрбие

«Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында облыс прокуратурасы Қарағанды облысы әкімдгінің Ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ерлік сабағын ұйымдастырды.

Шараға тыл ардагерлері, ұстаздар, ата-аналар, «Жас сарбаздар» сыныбының оқушылары, әскери қызметшілер және «Сәулемай» ардагер әжелер хоры қатысты.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік рухын және құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ соғыс тарихы мен қазақстандық жауынгерлердің ерлігін дәріптеу. Бағдарлама соңында қатысушыларға Б.Момышұлы мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Осындай кездесулер жас буын мен аға ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайтып, ерлікке деген құрметті қалыптастырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кеше Екатеринбургте «ИННОПРОМ» XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық...